«Өсімдік шикізаты Стевия негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндіру»

        М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті 026 бағдарлама бойынша Шымкент қаласының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобалар конкурсының нәтижесінде «Өсімдік шикізаты Стевия негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндіру» жобасы жеңіске жеткендігін хабарлайды. Жоба жетекшісі PhD Азимов Әбдіғани Мұталұлы.
Жобаның мақсаты Стевия өсімдік шикізаты негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндірісін құру және қант пен оның компоненттерін қоспай, қант алмастырғышпен алмастырылатын өнім алу болып табылады.
        Жобаның ноу – хауы өсімдік шикізатын вакуумды қайта өңдеу (жаңа үлгідегі технология), Стевия өсімдіктерінен ББҚ алудың кешенді технологиялық процесін жасау болып отыр. Көпжылдық табиғи тәттілендіргіш Стевияның жаңа сорты Оңтүстік өңірінің климаттық жағдайларына бейімделген.
          Осы салада жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар және осы өнімнің болашақта қолданушылары: «Химфарм» АҚ, «Рауан» ҒӨО ЖШС, «Зерде-фито» ЖШС, «ЭкоФармИнтернейшнл» ЖШС, «Визит» ЖШС, «Innova» ЖШС, «Arline» ЖШС, «Realma» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Асем-Ай» ЖШС, «Кседа» ЖШС, «Эдельвейс Су» ЖШС, «Интеграл-А» ЖШС, "Интеграл-А" ЖШС, «Мадлен-KZ» ЖШС, сондай-ақ супермаркеттер (Имран, Магнум, Фиркан, Баян сұлу және т.б.).
          Жоба жетекшісі мен командасын жеңісімен құттықтаймыз! Ғылым жолында табыс тілейміз!
 
 

Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.