Талапкер 2021

ТАЛАПКЕР – 2021

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

«МЕХАНИКА ЖӘНЕ МҰНАЙ ГАЗ ІСІ» ФАКУЛЬТЕТІ

«Механика және машинажасау» кафедрасы

 

 

Біздің даярлау бағытымыз:

6В071 – «Инженерия және инженерлік іс»

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 2020-2021 оқу жылына 6В07 – «Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» білім беру саласының 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағытының В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша келесі білім беру бағдарламаларына талапкерлерді қабылдайтындығын жариялайды:

- 6В07120 - Машинажасау;

- 6В07121 - Машинажасау технологиясы;

- 6B07122 - Құю өндірісі және металдарды қысыммен өңдеу;

6В07123 - Пісіру өндірісін жобалау және ұйымдастыру.

 «Механика және машинажасау» кафедрасының 76 жылдық тарихы бар. Кафедра Қазақстанның және Германия, Франция, Австрия, Ресей, Польша сондай-ақ Украина, Қырғызстан, Өзбекістан Республикаларының жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстар орнатқан. Кафедраның мықты материалды-техникалық базасы және оқытушы профессорлық құрамы бар            (6 техника ғылымдарының докторлары, 2 PhD доктор, 10 техника ғылымдарының кандидаттары).

Студенттер дуалды оқыту жүйесі бойынша білім ала отырып, өндірістік іс-тәжірибелерін заманауи жабдықтармен жабдықталған өндіріс орындарында өтеді: «Карданвал» АҚ, «Казмедприбор Холдинг» ЖШС, «KARLSKRONA LC/AB» ЖШС, «Электроаппарат» АҚ, «КазГеомаш» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Оңтүстік Қазақстан механикалық зауыты» АҚ, «Ленгер машинажасау зауыты» АҚ, «Шымкент Эталон зауыты» АҚ, «Azia Trafo» ЖШС, «KAZ KIOTI» – Қазақстан трактор зауыты» ЖШС және т.б.

Бітіруші түлектерге 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша «Техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

6В07120 – «Машинажасау» (бакалавриат) және 7М07120 – «Машинажасау» (магистратура) білім беру бағдарламалары 2019 жылы Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстандық агенттікте (ББСТҚА) мамандандырылған аккредитациядан өтті. 2019 жылдың қорытындысы ББСТҚА сараптамасы нәтижесінде «ҚР ұлттық рейтингісі - 2019» бойынша 1 және 2 орын, ал Аккредиттеу және рейтинг бойынша тәуелсіз агенттік (АРТА) рейтингтік зерттеулері «Рейтинг - 2018» нәтижесінде 2-ші орын иеленді.

Бітіруші түлектерге 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша бакалаврлар халық шаруашылығының төмендегі салаларында жұмыс істей алады:

- авиакосмостық машинажасау;

- транспорттық (теміржол, көлік) машинажасау;

- ауылшаруашылық машиналар мен жабдықтарды жасау;

- мұнай-газ өндірісі;

- тау-кен өндірісі;

   - химиялық машинажасау;

- энергетикалық сала;

- жеңіл және тамақ өндірісі;

- жоғарғы оқу орындары;

- ауыр машинажасау;

 - халықтық тұтыну тауарлары өндірістері  және барлық жөндеу өндірістері.

 

В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларына 2019 жылы Қазақстан Республикасы бойынша 1953 мемлекеттік білім гранты бөлінсе, оның 80-і қысқартылған оқу түріне - колледж бітіруші түлектер үшін.

 

Бейіндік пәндер математика және физика.

Мекен жайымыз: Шымкент. қ,

Тауке хан даңғылы, 5

Корпус «В», 3 қабат, каб. 321

тел: 30-09-70


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.