Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика

Кафедра меңгерушісі

Утенов Науат Марзанович,

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 10, ОҚУ, Б ғимараты, 415 кабинет

е-mail:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

►Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра тарихы

«Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика»  кафедрасы «Жоғары математика» және «Физика» кафедраларының 2017 жылы бірігуінен пайда болған.

 

«Жоғары математика» кафедрасы Қазақ химия-технологиялық институт құрамында 1958 жылы құрылған.

Бірінші кафедра меңгерушісі - Кузнецов М.С.

2005 жылы «Жаратылыстану-педагогикалық» факультетінен бөлініп, «Механика  және  мұнай газ ісі» факультетінің құрамына өтті.

2015-2017 жылдары кафедра  «Тоқыма   және  тамақ  инженериясы» жоғары мектебінің құрамында болды.

2017ж. тамызынан  бастап «Механика  және  мұнай газ ісі» факультетінің құрамына қайта еніп, «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» деп аталды.

2009-2019 жылдары кафедраны техника ғылымдарының  кандидаты, доцент Аширбаев Хасымхан Атырханұлы басшылық  жасады.

 

 «Физика» кафедрасы болып бұрынғы Қазақ химия-технологиялық институтының жеке құрамында, 1958 жылы құрылды.

Физика кафедрасын ұйымдастырған және алғашқы меңгерушісі болған  ф.-м.ғ.к., доцент Н.С. Мендахов еді.

Кейінгі жылдары кафедраны меңгергендер:

ф.-м.ғ.к., доцент Беспалова В.Г. (1967-1975 жылдары);

ф.-м.ғ.д., профессор Бахтыбаев А.Н. (1975-1985 жылдары);

т.ғ.к., доцент Сейтбеков Т.С. (1985-1988 жылдары);

х.ғ.д., профессор Грызунов В.И. (1988-1992 жылдары);

х.ғ.к., профессор Қабылбеков К.А. (1992-2001 жылдары);

ф.-м.ғ.д., доцент Тұрманбеков Т.А (2001-2002 жылдары);

ф.-м.ғ.к., доцент Сағындыков А.С. (2002-2006 жылдары);

х.ғ.к., доцент Мұсаев Ж.М. (2006-2007 жылдары);  

ф.-м.ғ.к., доцент Сайдуллаева Н.С. (2007-2017 жылдары). 

 

2019 ж. маусым айынан  бастап «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» кафедрасының меңгерушісі қызметін физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Утенов Науат Марзанович атқарып келеді.   


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.