Білім бағдарламасы тобының нөмірі және атауы: В076 Стандарттау,  сертификаттау және метрология (салалар бойынша).

Мамандықтың нөмірі және атауы:  6В07510 Стандарттау,  сертификаттау және метрология 

Мамандандырулар:

 6В07510 - Стандарттау және  сертификаттау (салалар бойынша).

6В07513 - Метрология

Оқу мерзімі: бакалавр -4  жыл

Біліктілігі: Стандарттау, метрология және сертификаттау бакалавры

Мамандықтың оқу жоспары әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыс-ғылыми мамандық бағыттарында ғылыми пәндерден түзіледі. Оқу процессі кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері жүргізетін оқу-зерттеу, ғылыми тәжірибелі жұмыстарға студенттер белсенді қатысады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

· экономикалық есептік жобалау;

· өндірістік-технологиялық;

· экспертиза-зерттеу;

· ұйымдастыру-басқарушылық;

· жинақтау-баптау

· менеджерлік-пайдалану.


Білім бағдарламасы тобының нөмірі және атауы: В064 Механика және металл өңдеу

Мамандықтың нөмірі және атауы:  6В07120-Машинажасау

Мамандандырулар:

6В07120 - Машинажасау.   

6В07121 – Машинажасау технологиясы

6В07122 – Құю өндірісі және металлдарды қысыммен өңдеу

6В07123 - Пісіру өндірісін  жобалау және ұйымдастыру 

 Оқу мерзімі:  бакалавр -4  жыл

Біліктілігі – машинажасау бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы ретінде: авиакосмостық машинажасау, транспорттық (теміржол, көлік) машинажасау, ауылшаруашылық машинажасау және жабдықтар, мұнай-газ және тау-кен өндірісі, химиялық және ауыр машинажасау, энергетикалық сала, жоғары және орта оқу орындарында, жеңіл және тамақ өндірісі, халықтық тұтыну тауарлары өндірістері және барлық жөндеу өндірістері, менеджмент және компьютерлік модельдеу негізінде көпшілік және арнайы қолданылатын бөлшектер өндірісінде қолданылатын заманауи қондырғыларды жобалау институттары.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері: машинажасау саласының басқармалары мен ұйымдары, шикізаттарды өңдеу зауыттары, құрылыс, машинажасау бұйымдары мен құрылымдарын өндіру, техника мен жабдықтарды жөндеу зауыттары.

Кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

· өндірістік-басшылық – жаңғырту, жөндеу, дайындап-жасау жұмыстарына сәйкес  тау-кен, энергетика, мұнайгаз саласы, химия, ауыр, жеңіл машинажасау өндірістерінің ұжымдарын басқару;

· жобалау-конструкторлық жұмыс – машинажасау саласындағы жобалау конструкторлық жұмыстарды атқару, инженерлік жүйелер, механикалық, электрлі қондырғылар, механизациялау мен автоматтандыру құралдарын, көлік машиналарын жөндеу және пайдалану;

· ұйымдастыру-технологиялық – муниципалдық ұйымдар мен  машинажасау кәсіпорындарының жұмыстарын ұйымдастыру;

· ғылыми-педагогикалық – жоғары және орта оқу орындарында ғылыми-педагогикалық жұмыстарды атқару.

 

Білім бағдарламасы тобының нөмірі және атауы: В064 Механика және металл өңдеу

Мамандықтың нөмірі және атауы:  6В07180 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)

Мамандандырулар:

6В07180-Технологиялық машиналар және жабдықтар  

 6В07181-Мұнайгаз өнеркәсіптерінің машиналары және жабдықтары

 6В07182-Тамақ өнеркәсіптерінің машиналары және аппараттары

Оқу мерзімі: бакалавр -4  жыл

Біліктілігі: Технологиялық машиналар және жабдықтар бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы әскери-өнеркәсіптік кешенді қосканда, өнеркәсіптің барлық салалары, сонымен қатар. жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеулер болып саналады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

· есептік жобалау;

· өндірістік-технологиялық;

· эксперименттік-зерттеу;

· ұйымдастыру-басқарушылық;

· жинақтау-баптау;

· сервистік-пайдалану.


Білім бағдарламасы тобының нөмірі және атауы: В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Мамандықтың нөмірі және атауы: 6В07210 Мұнайгаз ісі бакалавры

Мамандандырулар:

6В07210 – Мұнай газ ісі,.

6В07215 – Мұнай және газ өндіру объектілерін пайдалану және оларға қызмет көрсету

6В07216 – Газмұнай құбырларын және газмұнайқоймаларын пайдалану

Оқу мерзімі4  жыл.

Біліктілігі – мұнайгаз ісі бакалавры

Бакалаврларды кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:

· өндірістік технологиялық қызметі –мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаумен, мұнай өнімдерін  және газды өндірумен, кәсіпшілікте және зауытта дайындаумен, тасымалдаумен және сақтаумен тікелей айналысатын мекемелерде;

· өндірістік басқару қызметі- белгілі дәрежеде өндірістік тәжірибе жинақтағаннан кейін мұнай өндірісінің мекемелерінде, компанияларында және ұжымдарында;

· жобалау -конструкторлық қызметі –магистратураны аяқтағаннан соң мұнай және газды өндіруге, дайындауға тасымалдауға және сақтауға арналған жабдықтар мен технологиялық үрдістерді жобалаумен айналысатын жобалау –конструкторлық институттарда, бюроларда және ұжымдарда;

· ғылыми-зерттеу қызметі –қабаттардыжәне ұңғыларды, флюидтердің физика-химиялық  қасиеттерін, айдалатын және сақталатын сұйықтар мен газдарды зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу институттарында және зертханаларында.


1 бет. Барлығы: 13

Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.