Ғылым
- Парақтар kz
- Қаралды: 1181
2020 жылдың «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің ғылыми-зерттеу
2020 жылдың «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің ғылыми-зерттеу
Кафедра меңгерушісі
Мекен-жайы: 160012,ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.
Телефоны: 8(7252) 21-19-79
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
►Академиялық ұтқырлық және ПОҚ тағылымдамасы
►Кафедраның мемлекеттік сатып алу жоспары
Жалпы мәлімет
Кафедра 1955 жылы шілде айында «Қазақ –химия технологиялық институтының» құрамында «Химия өндірістерінің машиналары мен аппараттары» болып құрылып, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының ғылыми-педагогикалық жалғыз бөлімі болды. 1961 жылдан кафедра түлектері-механиктер, Республикамыздың құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпорындарында мамандар қатарын толықтыра бастады. Осы уақыттан бастап кафедра түлектер санын нығайта түсті.
Кафедра дамуы жаңа және қызықты бағытқа бет алды. Бұл бағыттың орын алуы Республикамыздың халық шаруашылығы комплексіндегі елеулі құрылымдық өзгерістермен байланысты болды. Ал кафедра тек құрылыс материалдарды кәсіпорындарында ғана емес, сондай-ақ химия технологияларының аппараттары бойынша мамандандырылды.
Кафедраның лабораториясы өнеркәсәптік, жартылай өнеркәсәптік және лабораториялық өлшемдегі жабдықтармен және бақылау-өлшеу құрылғыларыменен жабдықталған.
Профессор - оқытушылар құрамы
Кафедрада тәжрибелі және білікті оқытушылар мен профессорлар еңбек етеді. Профессор-оқытушылар құрамы жастардың білім алу үрдісінде белесенді араласатын 4 техника ғылымдары докторынан, 2 PhD докторынан, 5 техника ғылымдары кандидатынан және 2 магистрден тұрады.
Ғылыми бағыт
Қазіргі таңда кафедраның ПОҚ – мен келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер орындауда:
Біздің түлектеріміз
Кафедраның көптеген түлектері ірі өндірістік корпорация басшылары және мемлекеттік қайраткерлер болып еңбек етеді, атап айтқанда Жылқышиев Б.А. сенат депутаты, Султанов Ж.А. аңшылар және балықшылар қоғамы басқарма төрағасы, Накисбаев В.И. Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің бастығы, Керимбаев А.М. – ЖФ «Казфосфат»ЖШС Жаңажамбыл фосфор заводының бас инженері (НДФЗ), Сарсенов Мураткали Бахтыгеревич «Казфосфат»ЖШС ГПК Каратау және ГПК Чулактау филиалының директоры, Берестемов Максут Берестемович Жамбыл заводының минералды тыңайтқыштарының зам. директоры. Мавиди Л.Х АО «НГСК Казстойсервис» ӨҚОФ директоры. Торский А.А. –директор «Казмонтаж стройконструкция»ЖШС, сондай-ақ олардың елеулі бөлігі өз өмірлерін ғылыми және педагогикалық іске арнады. Олар ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Чоманов О.Ч., т.ғ.д., Райымбердиев Талжан Пернешович т.ғ.д., Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ профессоры, ғылыми және халықаралық жөніндегі байланыс Вице-президент, Сулейменов Майдан Кадырович д.т.н., профессор, Ресей-Қазақстан университетінің ректоры, д.т.н., профессорлар Алтыбаев М.А.,Серманизов С.С., Куатбеков М.К., Бренер А..М., Бекибаев Н.С., Волненко А.А., Голубев В.Г.,Алтаев М.А.
Іс-тәжірибе базалары
Біздің студенттер еліміздің келесі жетекшілері мұнай, химия, құрылыс және тамақ кәсіпорындарында өндірістік іс-тәжірибе өтеді.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс»ЖШС; «КазФосфат» ЖШС ЖЖФЗ ТФ; «Нұр Ойл» корпорацияс ЖШС; «Стандарт Цемент» ЖШС; АО «Өнеркәсіптік қауіпсіздік ұлттық ғылыми-техникалық орталық» АҚ; «Шымкент сүт»ЖШС; «Атырау мұнайөңдеу зауыты» ЖШС; «Резина–техникалық бұйымдар»ЖШС; «Кайнар май»ЖШС; «Ақтөбе хромдық қосылыстар зауыты»АҚ; «Асбоцемконструкция» ААҚ; «Интергаз Центральная Азия» АҚ; «Ордабасы индустриалды аймағы» ЖШС; «Реактивті фосфорлық қосылыстыры» АҚ; «Шымкент сыра» ЖШС; «Корона»ЖШС; «Семей цемент зауыты»ЖШС.
Халықаралық қатынас
Кафедра қызметкерлері халықаралық конференцияларға белсенді қатысуда. Кафедраның ПОҚ Ресей, Белоруссия, Германия, Өзбекстан, Украина және Қырғыстан ғалымдарымен жеке тұрғыда қарым-қатынас ұстауда.
«Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың Академиялық мобильдігі» бағдарламасы бойынша Белоруссия мемлекеттік техникалық университетімен Минск қаласы, Санкт-Петербург техникалық институтымен Ресей Федерациясы тығыз қарым қатынаста.
Халықаралық қатынас шеңберінде шет-елдердің ғылымдардың және мамандарын дәріс оқу үшін оларды шақыру іс-шаралары жүргізілуде, сонымен қатар «Дөңгелек үстел» басында біріккен жобалар мен зерттеулер Ресеймен (Санкт-Петербург техникалық институты), Белоруссия мемлекеттік техникалық университеті (Минск қаласы), Беларуссия, Вильнюск университетімен, (Литва), «Манас» институтымен Қырғыстан, Бішкек қаласы, Сумы мемлекеттік универститетімен, Украина, Сумы қаласы, талқылануда.
«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының мұғалімдері (т.ғ.д. профессорлар Волненко А.А., және Қорғанбаев Б.Н.) Беларусь мемлекеттік технологиялық университетіне дәріс оқуға шақырылды. Минск қаласы, Беларусь.
Кафедра магистранттары Германия, Ресей және Литва ЖОО алдыңғы қатарлы технологиялық ҒЗ зертханаларында білім алып, тәжірибелерден өтуде.
Талапкерлерге
Химия, мұнайгаз өңдеу, мұнайхимия, тамақ өндірістері мен құрылыс материалдар өндіріс кәсіпорындары Республикамыздың экономикасының қарқынды дамуын анықтаушы өнеркәсіп салалары болып табылады, сондай-ақ бюджеттік салымның қомақты түсімін анықтайды.
Қазіргі таңда «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасында келесі дайындық бағыттары бойынша халық шаруашылығының өнеркәсіп салаларына бакалавр мамандарын даярлап келеді:
Қазіргі таңда 5В072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде білім алушы студенттер саны 421, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 380 студент оқиды.
Кафедра түлектері алдыңғы қатарлы химия, мұнайгаз өңдеу, мұнайхимия және тамақ өнеркәсіптерінде «Теңізшевройл»ЖШС; «Казмұнайгаз» АҚ; «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС; «АХҚЗ» АҚ; «ПМХЗ» АҚ; «Казфосфат» ЖШС; «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары; «Алтын дән» ЖШС; «Кайнар май» ЖШС; «Мөлдір тау бұлағы» ЖШС; «Корона» ЖШС; «Оңтүстік мұнай газ» АҚ; «Шымкент Сүт» ЖШС; «Шымкент сыра» ЖШС;
Кафедра түлектерінің қызмет аясы:
Сонымен қатар кафедрада «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық (2-жыл) және бейімдік бағытта (1,5 жыл) магистрлар және докторлар даярлайды.
Қазіргі таңда білім берудің озық инновациялық әдістерін қолдануменен кадрлар даярлаудағы жаңашыл жағдай қалыптасты, яғни еліміздің алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті болуына зор үлес қосушы мамандар. Бұл мәселенің жемісті шешімін табуда кафедра ұжымы белсенді еңбек етуде.
Кафедра жетістіктері
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (БСҚТА) 2018 жылғы Қазақстан ЖОО бакалавриат білім беру бағдарламасының рейтинг нәтижелері бойынша 5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы 1-ші орын алды.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (БСҚТА) 2018 жылғы Қазақстан ЖОО магистратура білім беру бағдарламасының рейтинг нәтижелері бойынша 6М072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы 1-ші орын алды.
"Технологиялық машиналар мен жабдықтар" кафедрасында 2018-2022 жылдары ҚР БҒМ ҒК гранттық қаржыландырылған 4 жоба орындалды:
- AP05132508 «Разработка технологии флотационного извлечения пластмасс стирольной группы из смеси измельченных пластмассовых отходов» жетекшісі: т.ғ.д., профессор Волненко А.А.
- AP05132794 «Разработка энергосберегающего способа ударного измельчения в поле центробежных сил и создание на его основе установок для помола сыпучих материалов» жетекшісі: PhD докторы Сарсенбекулы Д.
- АР05132925 «Разработка полимерных композиционных материалов с высоким уровнем термической стабильности» жетекшісі: т.ғ.к., Хусанов А.Е.
- АР05135389 «Разработка опытно-промышленной миниустановки для комплексной переработки молочного сырья» жетекшісі: т.ғ.к., Оспанова Б.О.
9 бет. Барлығы: 13
Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School