Механика және машина жасау
- Парақтар kz
- Қаралды: 3473
Кафедра меңгерушісі
Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы
техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: 160012. ЮКО, Шымкент қ., Тәуке-хан даңғылы, 5.
Телефон: 8(7252) 30-05-70
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Жалпы мағлұматтар
1954 жылы Қазақ химия-технологиялық институтында (қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ) «Механика» кафедрасы ашылды. Алғаш оны осы саладағы жетекші маман-ғалым С.У. Үмбеталин меңгерушілік етті. Кафедраның алғашқы дамуының басталуы механикалық профильдегі пәндерді оқитын мамандарды фундаментальды дайындауға бағытталып, кейіннен осы кафедра негізінде құрылған кафедраларды әр жылдары Қазақстанға және шет елдерге танымал ғалымдар басқарды: «Теориялық механика» кафедрасын - И.П. Цай, С.Б Буралхиев, Х.М Датхаев, Н.М, Муталиев, А.Д. Дасибеков; «Машиналар мен механизмдер теориясы және машина бөлшектері» кафедрасын: А.Ш. Шомаев, М.Ф. Уркумбаев, Ф.Е. Алтынбеков, А.Б. Куланов, Т. Колдасов, Л.М. Бекжанов, Б.Ф. Уркумбаев, С.Ж. Абдрашев, А.Д. Кадырбеков; «Материалдар кедергісі» кафедрасын В.А. Колесников, Н.А. Стальнов, Н.И. Лысенко, А.И. Айнабеков, Б.Р. Арапов; «Гидравлика» атты кафедраны Ш.Б. Сугуров, Б.Д. Шинибаев, А.П. Болгов; «Металлдар технологиясы» кафедрасын В.П. Раков, А.К. Омаров, А. Идирисов, К.М. Исламкулов, ал «Құрылыс механикасы және серпімділік теориясы» кафедрасын М.К. Кадыров және т.б. басқарды.
Айтылған кафедралардың өсіп-өркендеуіне С.Б. Соболева, И.Р. Хакимов, Ж.К. Культурсынов, Т.П. Раимбердиев, М.С. Сарыпбеков, И.Б. Бекмуратов, А Акшабаев, А.Ш. Шарафиев, М.Д. Шинибаев, Н.А. Айнабеков, З.К. Карабеков, Ф.А. Сайденова, В.О. Дуйсекеев, С.Г. Яковлев, Т.И. Турдалиев және т.б. көптеген оқытушы-профессорлар өздерінің үлкен үлестерін қосты.
1999 жылы «Теориялық механика», «Материалдар кедергісі» және «Машина бөлшектері, машиналар мен механизмдердің теориясы» кафедралары базасында «Қолданбалы механика» кафедрасы құрылып, оны 1999-2005жж. т.ғ.д., профессор Дасибеков А.Д., 2005-2011жж. т.ғ.д., профессор Печерский В.Н. басқарды. 2011жылы кафедра екі жаңа – «Механика» және «Машина жасау» кафедралары болып бөлініп, оларға т.ғ.д., профессор Печерский В.Н және т.ғ.к., доцент Әбдірашев С.Ж. жетекшілік етті.
2015 жылдың 28 қыркүйегінде «Механика» және «Машина жасау» кафедралары қайта біріктіріліп, «Механика және машина жасау» кафедрасы болып құрылды. Кафедра «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің бір құрылымдық бөлімшесі болып саналады, оны т.ғ.к., доцент Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы басқарады.
Кафедра фундаменталды, ғылыми-практикалық, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіп, өндірістер мен мекемелерге ақпараттық, консультативтік қызметтер көрсетіп, оқу процесстеріне инновациялық технологияларды ұдайы енгізіп келеді.
2006 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қолданбалы механика» кафедрасы 050712 «Машина жасау» мамандығы бойынша 4 жыл мерзімде оқитын бакалаврларды дайындайтын мамандық ашуға рұқсат алды (29.06.2006ж., №0008671 лицензиясына қосымша, №573 бұйрық). Осы мамандық бойынша бірінші талапкерлерді қабылдау 2007/2008 оқу жылы жүзеге асып, 2011 жылы бірінші түлектер оқуларын бітіріп, дипломдарын қорғап шықты.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Механика және машинажасау» кафедрасы биылғы 2023-2024 оқу жылында 6В07 – «Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» білім беру саласының 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағытының В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша келесі білім беру бағдарламалары аясында бакалавриат білім алушыларын дайындайды:
6В07120 - Машинажасау;
6В07121 - Машинажасау технологиясы;
6B07122 - Құю өндірісі және металдарды қысыммен өңдеу;
6В07124 - Электротехникалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжинирингі.
Магистратура бойынша білім алушылар келесі БББ бойынша дайындалады: білім беру саласының коды және жіктелуі - 7M07 «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», дайындық бағыттарының коды – 7M071 – «Инженерия және инженерлік іс», білім беру бағдарламаларының тобы - М103 – «Механика және металл өңдеу», білім беру бағдарламасы 7M07120 – «Машинажасау» (2 жылдық), 7М07123 - «Машина жасаудағы 3D модельдеу»
2022/2023 оқу жылында білім беру бағдарламаларының Реестріне D103 - Механика және металлөңдеу тобына (PhD) философия докторларын дайындайтын . 8D07210 – «Машина жасау» БББ енгізіліп, кафедрада биыл ашылған осы докторантураның күндізгі бөлімінде Усеров Алтынбек Батырбекұлы оқып, білім алуда. .
Бітіруші түлектердің кәсіби қызметі объектілері – машина жасаушы өндірістік – технологиялық ұйымдар, ғылыми-зертеу институттары, тәжірибелік-зерттеуші зертханалар, автомобиль жасау және жөндеу ұйымдары, металдар мен қорытпаларды дайындау, өңдеу және әр түрлі жабдықтарды өткізу (сату) және өндірістік алаңдардағы монтаждау, т.т.с.с.
Сонымен қатар, кафедра механикалық профиль бойынша техникалық бағыттағы барлық мамандықтар үшін жалпы білім пәндерінің мамандарын дайындайды. Кафедра сонымен қатар, іргелі, ғылыми-практикалық, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді, ұйымдар мен кәсіпорындарға ақпараттық, консультациялық қызметтер ұсынады, оқу процесстеріне инновациялық технологиялар дайындайды және енгізеді.
Бағдарламалардың даму стратегиясы ЖОО стратегиялық жоспарына сай жасалған және ғылымды қажет ететін ресурстарды пайдалану жағынан тиімді өндіріспен байланысқан. Бітірушілер өтімді машина жасау өнімдерін жасауға бағытталған өндірісті-технологиялық, жобалы-конструкторлық, ұйымдастырушы-басқарушылық, ғылыми-зерттеу салаларына қарай дайындалады. Бағдарлама жобалаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып, тозуға қарсылықты көтеруге және машина жасау бөлшектері мен аппараттардың қайта пайдаланудың технологиялық процестерін математикалық, физикалық, компьютерлік модельдеуге негізделген.
Білім беру бағдарламасының мақсаттары орындалу үшін кафедрада мынадай қажетті ресурстар бар:
- жоғары біліктілігі бар профессор-оқытушылар құрамы (2023/2024 оқу жылы): 6 ғылым докторлары, 9 ғылым кандидаттары, 4 ғылым магистрлері, 2 ғылыми және магистр дәрежелері жоқ оқытушы;
- оқу базасы, оның құрамына 10 оқу аудиториясы, 100 адамдық 4 дәрістік аудитория, электронды ресурстар залы, 2 компьютерлік сынып, 5 мамандандырылған зертхана және жалпы ауданы 1126,89 ш.м. зертханалық шеберханалар;
- көлемі 500 Мбайт, берілген оқыту бағдарламасы бойынша студенттердің дайындығы үшін қолданылатын электронды әдебиеттер қоры;
- дайындық саласы бойынша мамандандырылған іс-тәжірибе базаларының болуы.
В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша, орта арнайы білім базасында және жоғары кәсіби білім базасында күндізгі және сырттай оқыту формасы бойынша оқыту түріне қарай 2, 3, 4 жылдық мерзімде жеделдетілген, қысқартылған, толық оқыту түрлері қарастырылған. Оқыту бағдарламасын іске асыру мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал 2017 жылдан бастап ағылшын тілінде жүргізіледі. Мамандық бойынша оқытудың жалпы технологиясы – кредиттік болып саналады.
Оқу жоспарының барлық пәндері ҚР ҒжЖБ сәйкес жалпы білім пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП) және профильді пәндер (ПП) циклдеріне топтастырылған. Білім бағдарламасында кредиттерді циклдар арасында бөлінуі келесі сипатта орындалған: барлығы – 131 кредит, ЖБП – 33, ПП – 3.
Білім бағдарламасының оқыту жоспарының міндетті компоненті бойынша мазмұны ҚР МБС талаптарына сай жасалған. Кафедрадағы барлық білім беру бағдарламалары ондағы көрсетілген мақсаттарға сәйкестелінген және Қазақстандағы ғылым мен техниканың жетістіктерін, халық шаруашылығының динамикалылығын және баса дамуын қолдану негізінде машина жасау саласындағы мамандарды дайындау бойынша М.Әуезов атындағы ОҚУ-ің миссиясына сәйкес келеді. БББ-да келтірілген мақсаттары студенттердің сұраныстары аясында тұжырымдалған және нақтыланған, Дублин дескрипторлары негізінде құралған және мына компетенциялар арқылы сипатталады: ана тілі, шет тілі саласында, , іргелік, математикалық, жаратылыс тану-ғылыми, техникалық, компьютерлік, оқу, әлеуметтік, (тұлға аралық, мәдени аралық, азаматтық), кәсіпкерлік, экономикалық, мәдени дайындық, ғылыми зерттеулер жүргізу, машина жасау саласындағы қосымша және кәсіби компетенциялар.
Жұмыс берушілердің сұраныстары БББ-ың студенттерге машина жасау саласында берік дайындықты бере алу мүмкіндіктерін көрсете алатын мақсаттарында нақтыланған, осы дайындық еңбек нарығында ойдағыдай бәсекелестікке апара алады. Білім беру бағдарламаларын жасауда жұмыс берушілер жағынан жергілікті «Карданвал» АҚ, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, «Asia Trafo» ЖШС, «Kazmedpribor Holding» ЖШС және т.б. едәуір өз ұсыныстарын қосты.
Кафедра «KARLSKRONA LC АB LC AB» ЖШС серіктес-кәсіпорнымен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол кәсіптік үздіксіз оқытуды регион жерінде дамытуға және өндіріске икемделген кадрларды дайындауға жағдай жасайды. «Дуальды оқытудың жол картасы» бағдарламасы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қарым-қатынас аясында студенттер кәсіпорын базасында стажировкадан өтеді. Қазіргі уақытта университет бітірген біздің кейбір түлектеріміз аталған кәсіпорында қызметтер атқарады ( Жораев С., Жолбарыс Н., Калмахан С., Сеилханов Т., Әсембек Э., Белгібай Қ., Турымбет С., Ешанқұл Н.,Иванов А. және т.б.)
Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы
«Механика және машина жасау» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамының саны 2023/2024 оқу жылы 22 оқытушыны құрайды, оның ішінде ғылым және PhD докторлары, профессорлар – 7, ғылым кандидаттары, доценттер – 9, аға оқытушылар –4, магистрлер мен оқытушылар 3. Штаттық кесте бойынша профессор-оқытушылар құрамының құрастырылуы 100%-ды құрайды. Осы оқыту бағдарламасы бойынша дәріс беретін ОПҚ мамандыққа сәйкестендірілген, ғылым докторының және кандидатының дәрежесіне, сонымен қатар магистр академиялық дәрежесіне ие. Кафедрада білім алушыларға оқытылатын пәндер бойынша оқытушыларды таңдау немесе алмастыруды қамтамасыз ету үшін білікті ПОҚ құрамынан жеткілікті қор бар.
Кафедрада жүзеге асырылатын шетелдік ғалымдарды шақырту бағдарламасы аясында белгілі шетел ғалымдары мамандық бойынша студенттер мен магистранттарға Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы), Нант (Франция), Вроцлав (Польша) сияқты елдерден профессорлар мен ғалымдар келіп дәрістер өткізіп тұрады.
Кафедра өзінің 50 жылдан астам тарихында Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан, сондай-ақ алыс шет ел оқу орындарымен тәжірибе алмасу жұмыстары да жүргізілуде.
«Механика және машина жасау» кафедрасының докторлары және ғылым кандидаттары магистрлік және РhD докторлық диссертацияларға пікірлер мен рецензиялар жазады, магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғауда ресми оппоненттер, сонымен қатар РhD докторлық диссертациялық Кеңестерінің мүшелері болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Орындалатын ғылыми бағдарламалар мен жобалар саны;
-
Университеттің 2021-2025 жж. переспективті тақырыптық жоспарына сәйкес келесі тақырыптар орындалуда: 2
ГБ НИР-21-05-05 «Эксплуатациялық жағдайларын ескере, машиналар мен механизмдердің беріктігі мен ұзақмерзімділігін болжаудың ғылыми-техникалық негіздерін зерттеу және беріктігін арттыру әдістерін әзірлеу»
ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Айнабеков А.И.
бөлімдерді орындаушылар: т.ғ.д., профессор Арапов Б.Р., т.ғ.д., профессор В.Н. Печерский, т.ғ.д., профессор Сейтказенова К.К., т.ғ.д., профессор Сулейменов У.С.
ГБ НИР-21-06-05 «Қалыптастыру және бетті беріктендіру процестері негізінде сапа мен ұзақ мерзімділікті арттыру мақсатында машина бөлшектері мен механизмдерін өңдеудің технологиялық процестерін зерттеу».ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.
- ҚР БжҒМ және басқада мемлекеттік органдар, халықаралық қорлар мен ұйымдар тарапынан қаржыландыратын актуалды бағыттар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстардың саны;
2022-2023 оқу жылында ҚР БжҒМ 2021-2023 жж. тапсырысы бойынша келесі гранттық жобаларды қаржыландыруы жалғасты:
2022 жылында ҚР БжҒМ 2022-2025 жж. тапсырысы бойынша келесі гранттық жобаларды қаржыландыруы басталды:
«Сейсмикалық аудандарда пайдаланылатын мұнайға арналған магистральдық құбырлардың ресурсын арттыру». (Ғылыми жетекшісі Т.ғ. к., доцент А. Б. Молдағалиев, қаржыландырудың жалпы сомасы 49 541 184 теңгені құрайды. 2023 жылға 28,45 млн. теңге.)
ҒЗЖ нақты қаржыландыру – жалпы «Механика және машинажасау» кафеғдрасы бойынша - 28,900 мың. тенге (шаруашылық келісім шарт №343/21 ОтауСтрой)
Кафедра ПОҚ құрамынының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, жақын және алыс шет елдік, соның ішінде Шеффилд, Прага, София, Харьков, Донецк, Алматы, Шымкент және т.б. жерлердегі конференцияларда, ғылыми жинақтарда, журналдарда жарық көреді. ҒЗЖ қорытындыларын енгізу актілерін өндіріске енгізу (2016/17 оқу жылы – 11 акті, 2017/2018 оқу жылы - 12, 2018/2019 оқу жылы - 16 акті, 2019/2020 оқу жылы- 8 акті, 2020/2021 оқу жылы - 8 акті, 2022/2023 оқу жылы - 26 акті,) және оқу процессіне енгізу (2016/17 оқу жылы – 20 акті, 2017/2018 оқу жылы - 9, 2019/2020 оқу жылы - 4, 2020/2021 оқу жылы - 3 акті, 2020/2021 оқу жылы - 14 акті) актілері жасалды. Сонымен қатар, соңғы оқу жылдарында 10 данадан астам жарық көрген патенттер де бар.
Кафедрада «Машина жасаушы» студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) жұмыс істейді. Үйірменің жұмыс істеуіне кафедра базасында орналасқан әр түрлі білдектер, пісіру аппараттары шеберханалары, «Машиналар мен механизмдер теориясы», «Материалдар кедергісі», «Машина бөлшектері және конструкциялау негіздері» зертханалары, виртуальды зертханасы жағдай жасайды. Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми жұмыстары машина жасау өндірісіндегі технологиялық процесстердің актуальды мәселелеріне, станоктардың құрылымы, кескіш инструменттедің беріктігі мен сенімділігі, машиналар, агрегаттар, машина жасау кәсіпорыны цехтарын жобалау сияқты тақырыптарға арналады. Көптеген СОЗЖ орындау тақырыптары актуальды болып саналады және машина жасау саласындағы нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталады. Кафедра облыстағы «KARLSKRONA LC/АB» ЖШС, «Карданвал» АҚ ,«KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС, «Электроаппарат» ЖШС, «Шымкент Эталон» ЖШС, «Казгеомаш» Холдинг ЖШС, «КазТермоПласт» ЖШС, «Ленгер машинажасау зауыты», «Dana Trade» ЖШС, " «KazKIOTI ЖШС», «Шымкентский механический завод» ЖШС , «Asia Trafo» ЖШС, «Кентауский трансформаторный завод» АҚ, «Medcomford» ЖШС сияқты машина жасау кәсіпорындарымен оқу-зерттеу және өндірістік «Индустриальный синдикат» ЖШС кешен құру туралы келісім-шарттар жасалынған, ол орындарда студенттер мен магистранттар болашақ кәсіби қызметінің іс жүзіндегі тәжірибесін алуға нақты мүмкіндік ала алады.
Кафедра жетістіктері
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) ҚР ЖОО мамандықтары білім беру бағдарламаларының «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыты бойынша рейтингісінде біздің университетте оқытылатын 5В071200 Машина жасау мамандығы әрдайым жоғары орындардан көрініп келеді, атап айтсақ 2013 жылы – III орын, 2014, 2015, 2017 және 2018 жылдары - II орын, ал 2016, 2019 жылдары I орынды, ал 6М071200-Машина жасау мамандығы 2018 және 2019 жылдары III орынды иеленді.
Кафедраның доценті, т.ғ.к. Абшенов 2019 жылы "2019 жылдың ЖОО үздік оқытушысы" атанды, ал аға оқытушы Жылқыбаева С.К. 2020 жылы маусым айында докторлық диссертациясын жоғары деңгейде қорғап, PhD докторы академиялық дәрежесін алды.
Біздің студенттеріміз ҚР жоғары оқу орындарындағы Республикалық жыл сайын өткізілетін студенттердің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарына белсенді түрде қатысады. 2016 және 2017 жылы өткізілген конкурстарда кафедра студенттері бір 1-ші орын, 4- 2-ші орын және 1- 3-ші орындарға иеболды. Жетекшілері: т.ғ.д., профессор Печерский В.Н., т.ғ.д., профессор Сейтказенова К.К., т.ғ.к. доцент Абзалова Д.А және т.ғ.к. доцент Мырзалиев Д.С.
2017 жылдың басында ОҚО кәсіпкерлері Палатасымен қарым қатынасы және «Дуальды білімнің жол картасы» жобасы аясында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС ОҚМУ машина жасау мамандығы бойынша 26 студентті жазғы практикада және сонда оқытуға шешім қабылдаған болатын. Серіктестік жариялаған «Үздік студент» конкурсының қорытындысы бойынша А. Тұранов (3-ші курс) және Асылбек М. (4-ші курс) оқу орынын бітіргенге дейін осы «KARLSKRONA LC AB» машина жасау зауытының стипендиясымен қамтамасыз етілетін болды, ал тағы бір студентке (Кулясов Н.) кәсіпорын ноутбук ұсынып, мақтау грамотасымен құттықтады.
2017 жылы көкек айында Қостанай қаласында ЖОО студенттері арасында өткен IX Республикалық пәндік олимпиадада 5В071200В Машина жасау мамандығы бойынша ММГ-14-2рд тобы студенті Кульбаев Ұлан ІІІ дәрежелі дипломмен наградталды, ал ұйымдастырушылар атынан ОҚМУ командасы олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін университет ректорына алғыс хат жолданды.
2019 жылы Республикалық пәндік олимпиаданың үш туры нәтижесінде университеттен 5В071200 – Машина жасау мамандығы бойынша қатысқан ММГ 16-2к1 тобы студенті Белгібай Қыдырәлі Қабылбекұлы ІІІ дәрежелі Дипломмен мараматталды, ал ОҚМУ командасы лимпиадаға белсенді қатысқаны үшін Қаз ҰАУ ректорының алғыс хатын алды.
2020 жылы сәуір айында Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы қорытындысы бойынша ММГ 16-2р тобы студенті тлеубеков Т. 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі: Абзалова Д.А.).
2021 жылы сәуір айындаҚР ЖОО студенттері арасындағы пәндер олимпиадасы қорытындысы бойынша ММГ 17-2кт тобы студенті Төлен Ә.жоғары 2-ші орынды иеленді (жетекшісі Мырзалиев Д.С.)
2022-2023 оқу жылында «Механика және машинажасау» кафедрасының студенттері Бадамов А. (ММГ-19-2к тобы), Есиркепов Т.Р. Кемелбек Р.Е. (ММГ-20-2р тобының студенттері), к.т.н.. доценттер Мырзалиев Д.С., Абзалова Д.А., Молдагалиев А.Б., Ибрагимова З.А. жетекшілігімен Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық сайысына 3 ғылыми-зерттеу жұмыстарын жіберді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық сайысының нәтижелері бойынша Машинажасау мамандығының магистранты Лес С. 1 дәрежелі дипломмен марапаталды (ғылыми жетекшісі PhD, доцент Ибрагимова З.А.).
6В071200 «Машина жасау» мамандығының студентттері арасында жоғары оқу орындарының арасында ХIІ Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің студенттері Аманжол А. (ММГ-19-13тк тобы) ІІ дәрежелі дипломмен, ал коммандасы Бадамов А., Аманжол А., Жәңгірбай Б. (ММГ-19-2к тобы және ММГ-19-13тк тобы) иеленгені үшін алғыс хатпен марапатталды.
Халықаралық қарым-қатынастар
«Механика және машинажасау» кафедрасы алыс-жақынды көптеген шет елдік университеттер мен білім беру ұйымдарымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Олардың ішінде Ресей (Москва, Челябинск, Санкт-Петербург, Уфа); Украина (Харьков), Өзбекстан (Ташкент, Самарканд, Наманган), Франция, Польша (Люблин, Жешув) Германия Федеративтік Республикасы, Малайзия, Австрия сияқты мемлекеттер бар. Академиялық ұтқырлық жетекші шет елдік университеттермен, халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларды іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін атқару, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, оқытушы кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлық дамыту аясында жүргізіледі.
Халықаралық қарым-қатынас орнату және дамыту мақсатында дәрістер оқытуға шет елдік белгілі ғалымдар, мамандар шақырылады. Мысалы 2013 жылы техника ғылымдарының докторы, Лоран университетінің (Франция) бірінші профессоры Мишот Жерар Франсис, техника ғылымдарының докторы, 2014 жылы Люблин техникалық университетінің (Польша) профессоры Вуйцик В.Ч., 2015 - 2022 жылдары арасында техника ғылымдарының докторы, Харьков техникалық университетінің (Украина) профессоры Аврамов К. В. бакалаврлар мен магистранттарға ғылыми семинарлар өткізді.
Жаңа нарықтық заманда «Машина жасау» мамандығы бойынша шет елдік студенттерді оқытуға тарту болып табылады. Бұл мақсатта кафедра университеттің халықаралық қарым - қатынас жасау орталығымен бірлесіп осы бағытта біршама жұмыстар атқаруда.